SECUREX KAZAKHSTAN 2025: ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ ҮШІН ПИЛОТСЫЗ ТЕХНОЛОГИЯЛАР DRONEX KAZAKHSTAN БӨЛІМІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛАДЫ
2025 ЖЫЛДЫҢ 12-14 НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АТТЫ 13-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ«ҚАУІПСІЗДІК, ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАУ, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ДРОНДАР» - SECUREX KAZAKHSTAN 2025 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.
Көрме аясында ерекше назар DronEx Kazakhstan 2025 арнайы экспозициясына аударылады, онда ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) мен дрондарға қарсы жүйелер саласындағы заманауи технологиялар таныстырылады.
Бүгінгі таңда дрондар заманауи әлемде маңызды рөл атқарады, әртүрлі салаларда тиімділік пен қауіпсіздікті арттырудың жаңа мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Технологиялық прогресс қарқынды дамып жатқан дәуірде DronEx Kazakhstan 2025 сияқты көрме инновацияларды енгізудің, өзекті мәселелерді талқылаудың және қауіпсіз әрі тұрақты болашақты қалыптастыру үшін бірлескен шешімдерді іздеудің ажырамас бөлігіне айналуда.
DronEx Kazakhstan бөлімінің қатысушылары ретінде Геоскан-Казахстан, Бизнес Инжиниринг, CLEVEREST, D-FEND, VODOPAD, Аэроскан және ZALA сияқты жетекші компаниялар ұсынылады. Олар өнеркәсіптік, қорғаныс және азаматтық ұшқышсыз ұшу аппараттарымен қатар, әртүрлі мақсатқа арналған дрондардың алуан түрлері мен озық үлгілерін таныстырады. Сонымен қатар, мониторинг, геодезия, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған заманауи технологиялар, сондай-ақ дрондарды анықтау және бейтараптандыру бойынша инновациялық жүйелер ұсынылады.
Көрме аясында пилотсыз технологиялар мен дрондарға қарсы жүйелерге арналған арнайы аймақ ұйымдастырылады. Бұл аймақ DroneTech, DronEx (Securex KZ), Kazakhstan Engineering R&D Center, AARDVARK және DroneSoccer Қазақстан Ассоциациясының бірлескен күшімен іске асырылады. 12 наурызда, көрменің бірінші күнінде, аймаққа келушілер дрондарды басқару симуляторында өз шеберліктерін сынап көріп, дрон-футбол ойынын тамашалай алады. 13 наурызда бағдарламаға симуляторда еркін ұшу, дрон-футбол ойыны және Micro-FPV дрондар жарысының басталуы кіреді. Бұл іс-шаралар кәсіби мамандардың да, әуесқойлардың да қызығушылығын тудырады. 14 наурыз, соңғы күн, дрон аймағы жұмысының шарықтау шегі болады. Бұл күні Drone Race: Дрондар чемпионатының финалдық жарыстары өтеді. Көрме қатысушылары мен қонақтары үздік дрон операторларының қызықты сайыстарына куә болады.
Securex Kazakhstan 2025 көрмесінің іскерлік бағдарламасы дрондарға арналған сессияларды қамтиды. Көрменің алғашқы күні, 12 наурызда, I-ші DronEx 2025: Технологиялар іс жүзінде атты конференция өтеді. Конференцияның негізгі тақырыптары дрондарды пайдалану кезіндегі құқықтық реттеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, жаңа технологиялық инновациялар, сондай-ақ төтенше жағдайлар мен өнеркәсіптік қызметте пилотсыз жүйелерді тиімді қолдану тәжірибелері болмақ.
Пилотсыз технологияларға арналған экспозициядан бөлек, көрмеде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің дәстүрлі жүйелері де ұсынылады. Олардың ішінде бейнебақылау шешімдері, өртке қарсы жабдықтар, хабарландыру жүйелері және әртүрлі нысандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қажетті басқа да технологиялар бар.
DronEX Kazakhstan 2025 көрмесіне қатысу – жоғары технологиялық шешімдерді енгізу мен прогрестің алдыңғы қатарында болуды мақсат еткен әрбір адам үшін маңызды қадам. Тегін билет алу үшін SEC2025PRO промокодын пайдаланып сайтта тіркеліңіз.
Іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.